1224
Қазақстанда 800-ден астам мемлекеттік қызметкер қылмыс жасаған
Ұлттық статистика бюросы мәлімдеме жасады
Жыл басынан бері елімізде 800-ден астам мемлекеттік қызметкер қылмыс жасаған, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өңірлер арасында құқық бұзған мемлекеттік қызметкерлер саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр. Мұнда заңбұзушылық екі есе өскен. Ал Алматы қаласында 82 факті тіркелсе, Астана қаласында 55 мемлекеттік қызметкер істі болған.
Олар пара алу, бөтеннің мүлкін заңсыз иелену, өз лауазымын асыра пайдалану мен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылған.