Атырауда 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған тұрғын ұсталды

Полицейлер бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдап жүрген 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған

Атырауда 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz
2722

Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық бекірені заңсыз саудаламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

8 қараша күні Атырау облысы полиция департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республика көлемінде өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдап жүрген 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 282,5 келі 76 бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

 

Серіктес жаңалықтары