Украинада президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Владимир Зеленский президент сайлауы күнін бекітті.

Украинада президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
vrciro.org.ua
810

Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты Алексей Гончаренко  «Эспрессо» телеарнасы арқылы алдағы сайлаудың күнін жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.

Депутаттың айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский президент сайлауын 2024 жылғы 31 наурызда өткізу туралы шешімді мақұлдады.

«Мендегі мәлімет бойынша, Владимир Зеленский келесі жылы президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Ол Украина президентінің кеңсесіне 2024 жылдың 31 наурызында өтетін сайлауға дайындалуды тапсырды. Бұл конституциялық мерзім – наурыздың соңғы жексенбісі сияқты. Олар бұл шешімді халыққа батыстық әріптестерінің талабы деп түсіндірмек. Атап айтқанда, егер бұл сайлау өтпесе, Зеленский легитимділігін жоғалтады...», – деп мәлімдеді А. Гончаренко.

Оның сөзінше, батыстық серіктестер Украинадан сайлау өткізуді талап етіп отырған жоқ.

«Бірден айтайын, батыстық серіктестер бізден ешқандай сайлауды талап етпейді. Қоғамдық немесе жария емес талап жоқ. Мұның біздің серіктестерге еш қатысы жоқ. Бұл тек қана Президент Кеңсесінің алдына қойған саяси міндеті. Біз тек президенттік сайлау туралы айтып отырмыз. Өйткені парламенттікке Украина Конституциясы тікелей тыйым салады», – деді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары