«Даун синдромы болуы мүмкін»: Танымал актер отбасындағы жағдай туралы айтты (ВИДЕО)

Оған кіші қызының ауыр диагнозбен дүниеге келуі мүмкін екенін жеткізген.

«Даун синдромы болуы мүмкін»: Танымал актер отбасындағы жағдай туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: Instagram

Актер Бауыржан Сатов Urpaq подкасында отбасындағы жағдай туралы айтты, деп жазды turkystan.kz.

Айтуынша, оған кіші қызының ауыр диагнозбен дүниеге келуі мүмкін екенін жеткізген. Актер осыны естіген бойда Жаратушыдан қызының сау болып туғанын тілегенін айтады.

«Келіншегім кішкентай қызыма жүкті кезінде «Даун синдромы болуы мүмкін» деді. Соны естіген кезде «Қалай?» дедім, шок болдым. Келіншегім қорқып жүр. Екінші мәрте бардық. «Иә, даун синдромы болу ықтималдығы үлкен» деді. Екінші рет басым сол кезде сәждеге тиді. Алладан тіледім, «қызым дені сау болып дүние есігін ашуын нәсіп ете гөр» деп тіледім. Қазір қызымның дені сау. Аллаға шүкір, сау болып туды», - дейді актер.