Бауыржан Сатов бірінші әйелімен неге ажырасқанын айтты

Актер қателік өзінен екенін жеткізді.

Бауыржан Сатов бірінші әйелімен неге ажырасқанын айтты
ашық дереккөз

Белгілі актер Бауыржан Сатов Urpaq подкастында алғашқы некесі туралы туралы айтып берді. Айтуынша, бірінші отбасын құрғанда жауапкершілік болмаған. 

«Біз отбасы болып 1 жылдан аса бірге тұрдық. Сүйіп үйлендік. Мінезіміз жараспады. Мінез тұрған кезде махаббатқа орын жоқ деп ойлаймын. Менің күткенім болмағаннан соң, көңілім қайтып қалды. Ажырасам деп ешкім үйленбейді ғой.  Ұрыс-керістер пайда бола бастады.

Көп қателіктер менен болды. Отбасы болғаннан кейін жауапкершілігің бар екенін түсінуің керек. Менде отбасылық формула болған жоқ. Түсінбедім. Үйлену оңай, үй болу оңай емес. Әр адам жауапкершілікті сезінуі керек, мен сол кезде сезіне алмадым.

 Ажырасқаннан кейін, екі жыл өтіп үйлендім. Қазір түсінесің. Бәрі уақытпен келеді екен. Бірінші қызым туған кезде де өзімді әке сезінбедім. Әке бола алмадым, үлкен қызым маған жақын емес. Екінші қызым маған жақын, менсіз ұйықтамайды», - дейді Бауыржан Сатов.