Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

6 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
tengrinews.kz

"Қазгидромет" 6 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.