1320
Тікелей эфирде стрим жүргізген екі әже жұртты күлдірді
Желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
Тікелей эфирде гүл сұрап отырған екі әже қазнетті күлдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Мassaget.kz-тің жазуынша, видео TikTok-та тараған. Онда екі әжей батл жасап, оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп отыр.
«40 жылдан соң осылай отыратын шығармыз, бір раушан беріңдерші деп», - делінген видеода.
Желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
«Біз істей алмай жүрген стримді (тікелей эфирді) апамдар істеп жүр», «Мен тиктокқа видео салуға ұялып жүрсем, мына апалар стримді жыртып отыр ғой», «XXI ғасырдың заманауи әжелері», «Қазіргі апалар бізден жақсы, стримге кіреді. Мен отырмын әлі кіре алмай» деп жазды оқырмандар.