1163
Оқу-ағарту министрінің балалары мектептің тегін тамағын жемейді
Ғани Бейсембаевтың 2 баласы 3 ауысымды мектепте оқиды.
Министрдің балалары мемлекеттік мектепте оқиды, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Бес баламның екеуі оқушы. Олар мемлекеттік мектепте оқиды. Бұл мектеп 3 ауысымды мектеп екенін де қоса кетейін. Мен министр ретінде ғана емес, ата-ана ретінде де жүйенің барлық мәселесін білемін, – деді Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев.
Белгілі болғандай, министрдің балалары жоғары сынып оқушылары. Бастауыш сыныпта оқымайтындықтан оларды мектеп тамақтандырмайды. Яғни Оқу-ағарту министрінің балалары мектептің тегін тамағын жемейді.
Естеріңізге салайық, 2023-2024 жылғы оқу жылынан бастап мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанатын болды.