Ұлттық қордан болашақта қаражат алуды тоқтатып, оның тиімділігін арттырумыз керек – Нұртай Сабильянов

Енді халықтың Ұлттық қордың қаражатына, Ұлттық қорға деген назары ерекше болады. Өйткені әр ата-ана өз балаларына Ұлттық қордан қанша ақша түсті деп күтіп отырады.

Ұлттық қордан болашақта қаражат алуды тоқтатып, оның тиімділігін арттырумыз керек – Нұртай Сабильянов
745

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордың маңызына тоқталды.

«Президент Ұлттық қордағы қаражатты 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ доллларына жеткізу міндетін қойып отыр. Алайда 2021 жылдың басында Ұлттық қордағы қаражат 67 млрд доллар болса, қазір қорда бар-жоғы 60 млрд доллар қалып отыр. Қордың қаражаты азайған. Енді 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысынан балаларға қаражат аударыла бастайды. Парламент тиісті заңды қабылдады. Енді халықтың Ұлттық қордың қаражатына, Ұлттық қорға деген назары ерекше болады. Өйткені әр ата-ана өз балаларына Ұлттық қордан қанша ақша түсті деп күтіп отырады. Сондықтан менің ойымша, Ұлттық қордан болашақта қаражат алуды тоқтатып, оның тиімділігін арттырумыз керек», – деді Сабильянов.

Сонымен қатар ол республикалық бюджеттің тапшылығы мәселесін экономиканы дамыту арқылы шешу керек екенін баса айтты.

«Дайын қаражатты басқара алмау да дұрыс емес қой. Ал енді республикалық бюджеттің тапшылығын жабу үшін осы заң жобасын әзірлеп отырмыз. Республикалық бюджеттің тапшылығы экономиканы дамыту арқылы жабылуы керек. Осы мәселені түпкілікті шешу үшін қандай шешім қабылданады?», – дейді сұрады Нұртай.

Серіктес жаңалықтары