Еліміздегі ең «қымбат» блогер бір постқа қанша ақы алатынын айтты (ВИДЕО)

Ол енді Астанадан және шетелден үй алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Еліміздегі ең «қымбат» блогер бір постқа қанша ақы алатынын айтты (ВИДЕО)
Фото: massaget.kz

Танымал қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев «Түнгі студия» бағдарламасында әлеуметтік желіде жарнамадан қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Блогер өзін «ең қымбат жарнама жасаушы» деп атады.

“Еліміздегі ең қымбат жарнама жасаушының бірі – өзім. Бір пост – 4 миллион теңге. Ақша мен табыс жүрген жерде салығыңды да жасырмай айтуың керек. Менің бизнесмен достарымның 30-40-тан астам жеке кәсіптері бар. Бірақ олар менен аз салық төлейді. Менің компаниямның төлеген жылдық салығын мемлекеттік порталдан көрсеңіздер болады. Қазақта “Аққа құдай жақ” деген сөз бар, соны ескеріп, ешқандай “бармақ басты көз қыстыға салмай”, тұрақты салығымды төлеймін. Жылдық табысымды суммамен айтқаннан гөрі, тұрмысымның дұрысталғанын айтқым келеді. Жарнама жасап жүріп, Алматы қаласынан бес үй алдым», - деді ол.

Блогер енді Астанадан және шетелден үй алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.