Қазақстанға әкелінетін 30 мың электромобильге баж салығы салынбайды

Баж салығынан босату мерзімі 2 жылға ұзартылды.

Қазақстанға әкелінетін 30 мың электромобильге баж салығы салынбайды
ашық дереккөз
2815

Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанға әкелінетін электрмобильдерге баж салығын салмау мерзімі 2 жылға ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Маңызды мәселе Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында қаралған екен.

«Азаматтарымыз үшін биыл электр қозғалтқышы бар жеңіл көліктерді бажсыз әкелу мерзімі аяқталды. Біз баж салығынан босатудың рұқсат мерзімін тағы 2 жылға ұзарттық. Одақ бойынша жалпы квота 96 мың, оның ішінде Қазақстанға әкелінетін 30 мың электромобильге баж салығы салынбайды», – деді С. Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары