Димашқа Халық әртісі атағы берілетіні 1999 жылы айтылған (ВИДЕО)

Әнші архивтегі бейнежазбасын жариялады. Онда  1999 жылы 5 жасында  көпшілік алдында өнер көрсеткен оған жұрт қошемет көрсетіп жатқанын байқауға болады.

Димашқа Халық әртісі атағы берілетіні 1999 жылы айтылған (ВИДЕО)
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Жарлығымен Қазақстанның Халық әртісі атағын алған әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында  баршаны Республика күнімен құттықтап, бала кезде түсірілген бейнежазбасын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.  

«Ардақты Алаш жұрты! Барлық құттықтау-тілектеріңізге көп рақмет! Кезінде Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы: «Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан биік емеспін», деп халқымызды қаншалықты құрметтейтінін көрсеткен еді. Мен де ел-жұртымның ақ пейілінен, ыстық ықыласынан артық биік құрмет жоқ дер едім. Өнерімнің өрлеуі елдің батасынан екенін терең ұғынамын. «Ерім» дейтін ел барда, «елім» дейтін ерлер туады. Қай мемлекетте, қай жерде жүрсем де елімнің абыройы биік болса екен деп тілеймін. Құрметті ағайын, мемлекетіміздің басты мерекесі  «Республика күні» мейрамымен баршаңызды құттықтаймын! Сонымен бірге жас болсам да бар ниетімен құрмет қылып, марапаттап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына шын жүректен алғыс айтқым келеді», - деді  Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген.

Әнші архивтегі бейнежазбасын жариялады. Онда  1999 жылы 5 жасында  көпшілік алдында өнер көрсеткен оған жұрт қошемет көрсетіп жатқанын байқауға болады.

Жүргізуші оны «Құрметті көрермендер, 2030 жыл деп ойлаңыздар. Сахнада өнер көрсеткен – Қазақстанның Халық әртісі Айтбаев Дінмұхамед Қанатұлы»  деп  таныстырды.