Елімізде Республика және Қазақстан есімді қанша адам тұрады?

Қазақстанда «Республика» есімді адам жоқ.

Елімізде Республика және Қазақстан есімді қанша адам тұрады?
ашық дереккөз

Ұлттық статистикалық бюро елде Қазақстан және Республика есімдері бар қанша адам бар екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz

Бюроның мәліметінше, Қазақстанда «Республика» есімді адам жоқ.

Бірақ 31адамға «Казахстан» немесе «Қазақстан» есімі қойылған. 

«Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Олардың сегізі - Ақмола облысында, жетеуі - Қарағанды ​​облысында, бесеуі - Астанада, үшеуі - Қостанай облысында, екеуі - Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Бір-біреуден – Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында кездеседі», - делінген хабарламада.