Шымкентте аспаздар палау әзірлеуден жарысты

Шымкентте «Достық дастарханы – Шымкент палауы» халықаралық фестивалі өтті.

Шымкентте аспаздар палау әзірлеуден жарысты
Фото: Серік Қосаев

Шымкентте аспаздар 40 түрлі палау дайындады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Шымкентте «Достық дастарханы – Шымкент палауы» халықаралық фестивалі өтті. Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы мен Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігі бірлесе ұйымдастырған іс-шараға 40 астам аспаз қатысты. 

Фестивальге көршілес Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысының аспаздары келіп, палаудың түр-түрін дайындап, жиналған көпшілікке ұсынды. «Мейірім» қоғамдық қоры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасыларға 100 келі палау таратты. 

Қазылар алқасының шешімімен ас мәзірін дайындауда үздік деп танылған аспаздар арнайы жүлдеге ие болды. 

Айта кету керек, бұл фестиваль 2010 жылдан бері «Достық дастарханы», «Қазақстан палауы» сияқты тақырыптарда өткізіліп келді. Іс-шара 2022 жылдан бастап «Шымкент палауы» деген атаумен ұйымдастырылып келеді.