Жел, қар: екі автожолда қозғалыс тоқтатылды

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Жел, қар: екі автожолда қозғалыс тоқтатылды
Ашық дереккөз

Күн райының бұзылуынан екі автожолда қозғалыс шектелді, деп хабарлады turkystan.kz QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, қар мен жол бойының көріну нашарлығына байланысты «Көкшетау – Рузаевка» күре жолының екі учаскесі жабылды. Бірінші учаске – Ақмола өңірінің шекарасынан Рузаевка ауылына дейін (СҚО территориясы). Екінші учаске – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін (Ақмола облысының территориясы).