«Менде махаббат болды»: Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы сұраққа жауап берді
Ол бұрынғы күйеуімен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты.
Белгілі тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан La Gazette подкасына берген сұхбатында қайта отбасы құрмауына не себеп екенін айтты.
«Статус үшін тұрмыс құрғым келмейді. Тойға, іс-шараға барсам, менде ешқандай комплекс жоқ. Өз-өзіме адалмын. Яғни, шын махаббат болса ғана, қайта отбасы құрамын. Сезім болмаса, адам өзін қинамауы тиіс», - деді ол.
Динара Сәтжан бұрынғы күйеуімен қазіргі қарым-қатынасы жайлы жауап берді.
«Менің өмірімде махаббат болды. Бұған дейін ғашық болған адамым бар. Ол - балаларымның әкесі. Балаларымның әкелерімен жақсы араласып тұрамыз. Мен оларды сыйлаймын. Сөйлесіп, кездесіп тұрамын. Кейде үйге қонаққа шақырамын», - дейді тележүргізуші.
Сондай-ақ ол тоқал болуға деген ойымен бөлісті.
«Бұл туралы көп сұрақ қойылады. Динара Сәтжаннан тоқал шықпайды. Бұған мен нақты сенімдімін.
Бірақ, мен тоқал болсам, бірінші, екінші әйелмен оңай тіл табысып кететін едім. Жақсы қарым-қатынас құрып кете аламын. Алайда, менің қалауым - тоқал болу емес.
Өйткені, өміріңде үшінші адам араласатын болса, маған ыңғайсыздық тудырады. Қиындықтар болады», - деді Д. Сәтжан.