Актер Бақыт Қажыбаев Міржақып Дулатұлының рөліне қалай дайындалғанын айтты (ВИДЕО)

Актер кейіпкерді зерттеуге қанша уақыт кеткенін айтты.

Актер Бақыт Қажыбаев Міржақып Дулатұлының рөліне қалай дайындалғанын айтты (ВИДЕО)
Фото: instagram.com

Көрерменге жол тартқан «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы талайдың көңілінен шықты. Осы тарихи туындыда басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев Алаш ары­сы, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ро­манның авторы Міржақып Дулатұлының рөліне қалай дайындалғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Түсірілім екі айға созылды. Алматы, Алматы облысы, Қостанайда түсірілді», - дейді актер.

Сонымен қатар кейіпкерді зерттеуге қанша уақыт кеткенін айтты.

«Бір айдан аса уақыт дайындалдым. Міржақып атамыздың қызы Гүлнәр Дулатованың «Шындық шырағы» кітабын оқыдым. Одан бөлек, тарихи деректерді қарап шықтым», - деді Бақыт Қажыбаев.

«Жастарға қандай кітап оқуға кеңес бересіз?» деген сұраққа актер «Адамзаттың асыл тәжі» шығар» деп жауап берді.

Айта кетейік, «Міржақып. Оян, қазақ!» туындысы жарық көргеннен кейін  «Turkistan» басылымына актердің көлемді сұхбаты жарияланған болатын.