Қызылордада жасөспірімдер көшедегі 38 шамды сындырып тастаған

Қылмысқа қатысы бар екі жасөспірім анықталды.

Қызылордада жасөспірімдер көшедегі 38 шамды сындырып тастаған
Видеодан алынған кадр
6659

Қызылордада жасөспірімдер еш себепсіз көшедегі 38 шамды сындырып тастаған, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қазанда таңғы алты шамасында жергілікті тұрғыннан сол жағалаудағы және мектептің жарық бағаналарын белгісіз біреулер сындырып кеткен туралы хабарлама түскен.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, бұзақыларды анықтау үшін іздестіру жүргізген. Нәтижесінде сол қылмысқа қатысы бар екі жасөспірім анықталды.

Бұл қылмысқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ұсталған жасөспірімдер істеген ісіне өкінетінін жеткізген.

Серіктес жаңалықтары