Екібастұзда монша кешені өртенді

Оқиға орнына бес техника мен жеке құрамнан 20 адам шықты.

Екібастұзда монша кешені өртенді
Константин Шелков

Павлодар облысында монша кешені өртке оранды, деп хабарлады turkystan.kz.

19 қазан күні сағат 02.57-де монша кешеніндегі өрт туралы хабарлама түскен.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, оқиға орнына бес техника мен жеке құрамнан 20 адам шықты.

«Бір қабатты «Оазис» кірпіш монша кешенінде бу және демалу бөлмелерінде 297 шаршы метр аумақта шатырдың ағаш құрылымдары, сондай-ақ ішкі қаптамасы мен жиһаз өртенген»,  – деді департаментте. 

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 04.02-де ауыздықтап, сағат 04-42-де толық сөндірді.