Ресейде тіркеуде тұрған 9 көлікті ұрлаған Қостанай тұрғыны ұсталды

Күдікті - Тобыл қаласының 28 жастағы тұрғыны.

Ресейде тіркеуде тұрған 9 көлікті ұрлаған Қостанай тұрғыны ұсталды
Видеодан алынған кадр
1003

Қостанайда полиция Ресейде тіркеуде тұрған 9 көлікті ұрлаған адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бір айдың ішінде полицияға 9 автокөлік иесі ұрлық туралы арызбен жүгінген. Түнде тұрғын үйлердің аулаларында қалдырылған ВАЗ маркалы барлық көлік ресейлік есепте тұрған.

"Таңертең иелері көлікті таппай полицияға жүгінген. Барлық деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сот тергеуі басталды. Қылмыс схемасы бірдей болғандықтан, полиция қызметкерлері талдау пункттерін пысықтай бастады. Рудный қаласындағы үйдің ауласынан бір көлік ұрланған, қалған 8-і облыс орталығында", - деді Қостанай қаласының ПБ бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмыстарды жасады деген күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында барлық көліктер тәркіленді.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен Қостанай қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары