Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы үйінділер астынан баланың денесін тапты

Құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті.

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы үйінділер астынан баланың денесін тапты
Фото: ТЖМ
1031

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның үш елді мекеніндегі қираған үйлерді тексерді, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Наиброфи елді мекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. «Бір қатармен» әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті.

Елді мекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.
Тұрғын үйді бөлшектеу барысында құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін алып шықты.

Құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті.

 

Серіктес жаңалықтары