ШҚО-дағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалған

Оқиға Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде болды.

ШҚО-дағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалған
ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде екі адам топырақ астында қалды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиғаның қалай болғанын KAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов айтып берді.

«Кейбір БАҚ өкілдері кеншілер үйінді астында қалды деп жазып жатыр. Бұл — қате ақпарат. Екі жұмысшы опырылған жерге құлап кетті. Олардың үстіне тау жынысы құлаған жоқ. Оның бірі қазір топырақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Екіншісін құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тірі», — деп түсіндірді ол.