БҚО-да 13 жастағы бала монша жағамын деп бетін күйдіріп алған

Оқыс оқиға 1 қазанда БҚО Шыңғырлау ауылында болған.

БҚО-да 13 жастағы бала монша жағамын деп бетін күйдіріп алған
ашық дереккөз
1107

БҚО-да 13 жастағы бала моншаның пешін жағамын деп қатты күйіп қалған, деп хабарлады turkystan.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 1 қазанда БҚО Шыңғырлау ауылында болған. 13 жастағы бала монша жағып жатқанда бетін қатты күйдіріп алған.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сол күні Бәйтерек ауданынан тағы бір 15 жастағы жасөспірім күйік шалып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Зардап шеккен жасөспірімнің денесінің 30 пайызын күйік шалған.

Серіктес жаңалықтары