3724
Мұғалімдер тестілеуден босатылатын болды
Ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.
Биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады, деп хабарлады turkystan.kz Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құр әурешілікті азайтып, мұғалімдердің сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлінетінін айтты. Әсіресе, ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.
Сондай-ақ біліктілігін арттыру үшін мектеп қабырғасында сабақ беретін мұғалімдер саналы өмірінде жиған-терген сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін. Қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, бұған дейін талап етілген бұл норма да алынып тасталды.