Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, Мәжіліс депутаты: Президент кешенді жобалар тізбегін ұсынып отыр

Жол­дауда айтылған мәселелер қалай жүзеге асы­рылмақ?

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА,  Мәжіліс депутаты:  Президент кешенді жобалар тізбегін ұсынып отыр
ашық дереккөз
2447

Кейінгі  жылдарда  білім саласына ерек­ше көңіл бөлініп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  биылғы Жолдауында да атал­ған салаға айрықша назар аударды. Жол­дауда айтылған мәселелер қалай жүзеге асы­рылмақ? Біз осы жөнінде Мәжіліс депу­таты, AMANAT партиясы фракция жетек­ші­сінің орынбасары Жұлдыз Сүлейменовамен әң­гімелескен едік. 

Президент сапа мәселесін аяқ астынан көтерген жоқ

– Жұлдыз Досбергенқызы, Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстан халқына Жолдауында «Са­палы орта білім алу – әрбір баланың мыз­ғымас құқығы. Мұндағы ең түйін­ді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапа­сын жақсарту мен мұғалімдердің бі­лік­тілігін арттыру ауадай қажет» – деп ше­гелеп айтты. Маман ретінде бұл жө­нінде не айтасыз?

– Мемлекет басшысының: «Мұндағы түйін­ді сөз – «сапа» – деп шегелеп айтуында мән бар. Анабір қиын жылдарда тәжірибелі мұ­ғалімдердің біразы мектептен кетіп қал­ды. Құқық қорғау органдары қазір ат­тес­та­циядан жемқорлықпен өткен мұға­лім­дерді де әшкерелеп отыр. Бұл – өте ұят нәрсе. Ал ен­ді сондай «мұғалімдер» бар жерде білім са­пасын көтеру туралы әңгіме болуы мүм­кін бе? Әрине жоқ. 

Президент білім сапасы туралы мә­селені аяқ астынан көтерген жоқ. Әуелі осы саланың ауып бара жатқан жүгін түзеп алды. Мемлекет тізгінін қолға алған сәті­нен бастап білім саласына ерекше көңіл бөл­ді. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы 2019 жылы Тамыз кеңесіне қатысып, «Пе­да­гог мәртебесі» туралы заң қабыл­дана­ты­нын айтып, «Әліппені» қайтаруға уәде бер­ді. Сол жылы желтоқсан айында «Пе­да­гог мәртебесі» туралы заңға қол қойылды. «Әліп­пе» қайтарылды. Заң қабылданғасын мұ­ғалімнің жалақысы күрт өсті. мұғалім-ста­жер, мұғалім, мұғалім-модератор, мұға­лім-сарапшы, мұғалім-зерттеуші, мұғалім-ше­бер секілді бірнеше педагогикалық бі­лік­тілік деңгейі бекітіліп, оған қосымша ақы төленетін болды. Дәптер тексергені, жаңартылған білім беру мазмұнымен сабақ бергені, ауылдық жерде, экологиялық ай­мақ­та сабақ бергені, магистр, PhD ғылыми дә­режелері үшін заңмен бекітілген қосым­ша ақысы бар. Бұдан бөлек, мұғалім бо­ла­мын деген студенттердің шәкіртақысы өсті. Мы­салы, өзгелер 41 мың 898 теңге сти­пен­дия алса, болашақ мұғалімдердің сти­пен­дия­сы – 67 мың 200 теңге. Міне, осының бә­рі мұғалім мамандығының беделін көте­ріп, еңбек нарығындағы тартымдылығын күшейтті. 

Бірақ соған сәйкес, талап та күшейді. Бұ­рын ҰБТ тапсырғанда мұғалімдік маман­дық­тарға шекті балл 50 болса, қазір 75-ке кө­терілді. Соңғы екі жылда математика, фи­­­­зика, химия, биология, яғни жара­ты­лыс­тану пәндері мамандықтарына, инже­нер­лік-техникалық мамандықтарға баратын аби­туриенттердің өту балы – 101-103 бо­ла­тынын аңғарып жүрмін. Демек, мұғалім бо­латын балаларды мектептен бастап ірік­теудің жақсы жүйесі қалыптасты. Яғни, жақ­сы оқыған балалар енді мұғалім болуға өз­дері ұмтыла бастады. Бұл – «Педагог мәр­тебесі» заңының аясында қабылданған үл­кен реформа. Біз жалақы көтерілгенімен қа­тар аз уақытта жүзеге асырылған осы ке­шен­ді реформаларды да көп айта бер­мейміз. 

Сала еңсе тіктегесін Президент сапа мәселесін көтеріп отыр. Расында да, ен­дігі жерде сапаны күшейтпесе болмайды. Жоғарыда айтқанымдай, бұның іргетасы қа­ланып тұр. Мектепте өте жақсы оқыған, әке-шешенің ықпалы емес, жүрек қа­лауы­мен ұстаздықты таңдаған, 4 жыл бака­лав­риат, 2 жыл магистратурада үздік оқыған жас мамандар бірнеше жылдан кейін мек­теп­терге келе бастайды. Соларға ерекше үміт артамыз. Білім саласына өзгеріс алып ке­леді деп сенеміз. Сол кезде мектептердегі бі­лім сапасына қатысты жақсы көрсет­кіш­тер­ге қол жеткіземіз деп ойлаймын. 

Әрине, тек қана жастарға сеніп отыру қа­телік болар еді. Біздің осы салада еңбек етіп келе жатқан өте тәжірибелі мұға­лім­дері­міз бар. Президент «Мұғалімдердің бі­лік­тілігін арттыру керек» – деді. Яғни, өмір бір орнында тұрмайды, күн санап өзге­ріс­тер болып жатады. Мұғалім де сол өзгеріс­тер­ден қалмауы керек. Ол үшін үнемі өзін-өзі жетілдіруі, біліктілігін арттыруы қа­жет. Бұрын мұғалімдер әр 5 жылда білік­ті­лігін арттыру курстарына баратын. Ол жә­не өзі сабақ беретін пән бойынша курс­тан өтетін. Қазір 3 жыл сайын біліктілігін арт­тыратын болды. Президент Жолдауын тың­дап отырып, мен сол мұғалімдердің бі­­­ліктілігін арттыру курстарын өзгерту ке­рек деген ойға келдім. Мысалы, қазір сол курс­тардан өту үшін мұғалім облыс ор­та­лы­ғына, республикалық маңызы бар қа­ла­ларға барады. Мүмкін, біз ауылдағы мек­тептерге барып, олардың мүмкіндігіне сәй­кес, бүгінгі таңдағы белгіленген стан­дарт­қа сай білім меңгертудің жаңаша тәсіл­дерін игерген біліктілік арттыру курстарын әзірлеуіміз керек шығар. Сосын мұғалім өзі са­бақ беретін пәннен ғана емес, психо­ло­гия­дан, педагогикадан, методикадан немесе өзі­нің пәні бойынша сыныпаралық айыр­ма­шылыққа байланысты бағдарлама маз­мұны­на арналған курстан өткісі келуі мүм­кін ғой. Бұны да ескеру керек. Бұдан бө­лек, емтиханның материалын дайындау, оны бағалауға қатысты сұрақтары болуы мүмкін. Сосын қазір басқа жерге бармай-ақ он­лайн өткізудің де мүмкіндігі бар ғой. Оны да қарастыру керек. Меніңше, Оқу-ағар­ту министрлігі өңірлердегі білім бас­қармаларымен бірге осы мәселелерді тың­ғылықты ақылдасуы қажет. 

«Қазақстан тарихы» мен «Қазақстан геог­рафиясы» тек қазақ тілінде оқытылуы ке­рек

– Осы жерде оқулық мәселесін де бір реттеп алған жөн шығар. Оқу­­лық­тардың сапасы сын көтермейтіні жиі айтылып жүр. Сосын бір мектепке бір баспаның, екінші мектепте тағы бір баспаның оқулығын оқытудың не қажеті бар?

– Менің бұл пікіріме баспагерлер рен­жуі мүмкін, бірақ математика, геометрия, фи­зика, химия, биология оқулықтарын жыл аралатып қайта шығарудың керегі жоқ. Өйткені ондағы теоремалар жыл сайын өзгермейді ғой. Бұл жерде бір мәселе бар. Ол – оқулықтардың мәтінін аударған кез­де кеткен өрескел қателер. Бізде қазір ға­­лымдар, мықты мұғалімдер, аудар­ма­шы­лар бар, бәрі бірігіп отырып, соны түзеп, 10-15 жылда бір-ақ рет шығару керек. Ал Әліп­пе, Ана тілі, Қазақ әдебиеті, Қазақстан тари­хы – біздің ұлттық болмысымызды та­­­нытатын пәндердің оқулықтары. Білікті ға­лымдар мен мұғалімдерді тарта отырып, сапалы оқулық құрастыру қажет. Бұдан қар­жыны аямауға тиіспіз. Мен жақында геог­рафтармен кездестім. Олар «Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарында «Қазақ­стан­ның физикалық географиясы», «Қазақ­стан­ның әлеуметтік экономикалық геогра­фия­сы» аталатын оқулықтардың осы күні жай ғана «География» аталатынын» айтып ша­ғынды. Географтардың айтып отырғаны дұ­рыс. Елдің атауы оқулықта тұрғаны жөн. Ба­лалардың санасына отаншылдық рухты сіңі­ре беру керек. Бұл – бір. Екіншіден, Қа­зақ­стан тарихы, Қазақстан географиясы пән­дерін барлық мектепте қазақ тілінде оқытуды таңдау компоненті ретінде енгізуіміз керек. Бұндай тәжірибе бізде бар. Зияткерлік мектептер бұл 2 пәнді 15 жыл­дан бері бір ғана тіл – қазақ тілінде оқытып ке­леді. Оқушылар емтихан тапсырып жүр. 

– Білім беру жүйесі еңбек нары­ғы­ның сұранысына қарай өзгеріп оты­руы керек. Ұлттық экономиканың бір­қатар саласында кадр тапшылығы қат­ты сезілуде. Әсіресе, техникалық жә­не жұмысшы мамандар жетіспейді. Сон­дықтан осы салаларға қатысты бі­лім берумен мықтап айналысқан жөн, — деді Президент. Бұл жөнінде не дейсіз?

– Қазір еңбек нарығы мүлде өзгеріп кет­ті. Яндекс такси жүргізушілерінің 25 пайы­зы жоғары білім дипломы бар ма­ман­дар екен. Күзетшілер де солай. Біз жоғары бі­лім дипломының құнын түсіріп алдық. Бей­нелі түрде айтсақ, шеге қағатын адам жоқ, керісінше, дипломы бар жүргізушілер, кү­зетшілер көп. Бұл экономиканың дисб­алан­сына алып келеді. «Еңбек нарығының сапасы» деген ұғым бар. Дамыған елдердегі ең­бек нарығы баланың мектептегі алған бі­лімінің сапасымен өлшенеді. Бала­бақ­ша­да­ғы балаға қанша қаражат салғанына қа­рап экономиканың даму көрсеткіші анық­талады. Себебі, білім – қоғам дамуы­ның айнасы, өркениет дамуының басты көрсеткіші. Біз де ақырындап осыған келе жатырмыз. 

Педагогикалық зерттеулерде «Білім­дегі кедейшілік» мәселесі жиі айты­лып жүр. Біз әлі де көбіміз мән бермейміз. Бұл – ата-ананың әлеуметтік жағдайына ба­й­ланысты балаға көңіл бөлуі. Неғұрлым әлеу­меттік жағдайы жақсы болған сайын ба­ланың үйірмеге баруы, репетитормен дайын­далуы, кітап алуы, жалпы білім ре­сур­сына қол жеткізу мүмкіндігі жоғары болады деген зерттеулер бар. Тұрмысы тө­­мен, көпбалалы отбасылардың бала­ларын­да ондай мүмкіндік бола бермейді. Атаулы әлеуметтік көмек қаржысы бала­ның интеллектуалды дамуына, яғни жа­сы­на сәйкес, кітап оқуына, спортпен шұғыл­дану­ына, үйірмеге баруына, бос уақытында тұл­ғалық, физикалық, психологиялық да­муына жұмсалғаны абзал. Бізде осыған на­зар аударылмайды. Яғни, Оқу-ағарту ми­нистрлігі Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, ве­домствоаралық осындай байланысты кү­­­шейтуі, мәселені ретке келтіруі керек.

Мы­салы, репетиторлық орталықтарға мем­лекеттік тапсырыс бере отырып, тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қамтуы қажет. Бұл үшін велосипед ойлап табудың керегі жоқ, бұрынғы тәжірибені ал­сақ, жетіп жатыр. Менің анам 15 балалы от­басыда дүниеге келген. Нағашы атам мен әжем соның 8-інің жоғары білім алуына жағ­­дай жасаған. Әрине, өздері де еңбек ет­­кен шығар, бірақ бұл, ең алдымен мем­ле­кеттің қамқорлығының арқасы! Анам мек­теп бітірген соң кеңшарда жұмыс істе­ген, жолдамамен рабфакқа түскен, одан соң жоғары білім алып, дәрігер маман­ды­ғымен елге оралған. Біз осы тәжірибені на­рық­тық экономикаға икемдей отырып, жаңа жүйе қалыптастыруымыз керек. Білім беру бағдарламалары, стандарттары тек ЖОО бітіруге бағытталмауға тиіс.

Прези­дент айтқандай, жұмысшы мамандар көп керек. Біз биыл «Кәсіптік біліктілік» туралы заң қабылдадық. Мемлекет басшысы қол қойды. Сол заң кәсіптік білім беру саласы­ның тынысын кеңейтеді деп сенеміз. Қазір бір ғана кәсіп игеріп, сонымен өмір бойы нәпақа табамын деуге болмайды. Еңбек на­рығы жылдам өзгеріп жатыр. Алдағы 10 жылда КТ, УЗИ түсіретін мамандардың ор­нын роботтар атқаруы мүмкін. Сол секілді басқа да көптеген мамандыққа жасанды ин­тел­лект «жайғасуы» ғажап емес. Сондық­тан кез келген жағдайға бейім болу керек. 

– Президент «Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап бол­ғанға көмек көрсетуге арналған бағ­­­дарлама әзірлеу керек» – деді. Жал­пы, осы буллингті қалай тоқтатуға бо­ла­ды?

– Бұл – өте күрделі мәселе. Қазір бала смартфонмен бетпе-бет, жалғыз қалды. Одан алып жатқан ақпаратының мораль­дық жағына ешкім жауап бермейді. Балалар қатыгезденіп барады. Тәрбиемізде олқылық кетті. Шетелге көп еліктейміз. Педагоги­ка­мыз ұлттық салт-дәстүрге негізделуі ке­рек. Финляндия, Жапония, Оңтүстік Ко­рея секілді елдер осылай істеген. Оқулықтарын ұлттық тәрбиеге негіздеп жазған. Соның ар­қасында бұл мәселеде біршама жетістікке жетіп отыр. Алаш қайраткері, педагогика методикасын зерттеуші Жүсіпбек Аймауы­товтың «Тәрбиеге жетекші» немесе «Пси­хо­логия» атты еңбектері бар. Сол еңбекті педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытып, педагогикадан арнайы курстарды меңгерту керек. Қоғамдағы түрлі жағдайды бала көріп отыр. Мұғалімнен сұрайды. Ол шамасы келгенше жауап беруге тырысады. Отбасындағы тәрбие мықты болса, бала аяғын шалыс баспас еді. «Бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» – дей­ді қазақ.

Өкінішке қарай, отбасыдағы әке­нің де, шешенің де беделін түсіріп алдық. Мұ­ғалім мен ата-ана арасындағы байла­ныс­ты нығайту керек. Тыйым салумен, шектеумен ештеңе шешілмейді. Тәрбие компонентін күшейту қажет. Мектеп – идеологиялық институт. Қажет жерінде ата-ананы да тәрбиелеуі керек. Бұл Григо­рий Петров деген философтың «Батпақтағы бақытты ел» еңбегін оқығаннан кейін туын­даған ой. Көп жыл Скандинавия елде­рінде айдауда болған Григорий Петров фин мемлекетінің даму тарихын, саяси жүйесін ұңғыл-шұңғылына дейін зерттеген. Екі мемлекеттің отарында болған, небір күр­делі жағдайларды бастан өткерген Финлян­дия әлемдегі ең озық елдердің біріне қалай айналды? Осы мәселені әбден зерттей келе: «Мектеп реформасының дұрыс жүзеге асуы­ның арқасында!» деп тұжырады фи­ло­соф. Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесі­гің­ді түзе» демеп пе еді? Біздің «бесігіміз» – мектеп. Президенттің осы салаға ерекше на­зар аударуының себебі осында деп ой­лай­мын. 

Жоғарыда баланың смартфонмен бетпе-бет, жалғыз қалатынын айт­тым. Онда түрлі қатыгез ойындар бар. Финдер сол ойындарды зерттеп, интер­нет­ке соларды алмастыратын ұлттық бояуы қанық ойын, баланың зейінін дамытатын тап­сырмаларды енгізген. Яғни, жамандық­ты жақсылыққа айналдыра алған. Барған кезімде көргенім, оларда сабақ арасындағы үзіліс 40 минутқа созылады екен. Осы 40 минут үзіліс баланың шынығуына, шаңғы те­буіне, басқа да спортпен айналысуына, да­ла­да серуендеуіне арналады. Баланың бе­ті­нен қақпай, сөйте тұра, баланы тәртіп­ке бағынатын саналы азамат етіп өсіру – фин ұстаздарының басты ерекшелігі.

Ро­бо­тотехника кабинеттерінің есігі үнемі ашық тұрады екен. Құдды зауыт секілді істейді. Балалар сонда кіріп кетіп, кейде күні бойы жүре­ді. Спорт – бірінші орында. Яғни, бар­лық мүмкіндіктер жасалған. Баланың басқа нәрсені ойлауға уақыты жоқ. Бізде бір спорт залда кейде үш сынып жағаласып, жат­тығып жатады ғой. Спорт залды айта­сыз, бізде мектептерде орын тапшылығы әлі шешілген жоқ. Биылдың өзінде 270 мың орын тапшылығы бар. Егер, Мемлекет басшысы дер кезінде шешім қабылдама­ғанда, 2025 жылға дейін орын тапшылығы 1 миллионға жететін еді. Сондықтан да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алын­ды. Бұл жоба 720 мың орын тапшы­лы­ғын шешеді. Кең спорт залы, зерт­ханалары бар инновациялық мектептер салы­нып жатыр.

Қайтқан қаржыда қайыр бар! 

– Биыл Парламент «Заңсыз ием­де­нілген активтерді мемлекетке қайтару тура­лы» заң қабылдап, шілде айында Пре­зидент қол қойған болатын. Қазір бір­шама қаржы қайтарылды. Сол қар­жы негізінен мектеп салуға жұмсалып жатыр деп естиміз. Нақты мысалдар­мен айтып берсеңіз?

– Иә, қайтарылған қаржыға әлеуметтік ны­сандар, соның ішінде мектеп салу бас­талып кетті. Мысалы, 2018-2020 жылдары жос­парланған мектептер бар. Кейін пан­де­мия басталды, әлемдегі саяси жағдай ушық­ты. Соның кесірінен баға қымбаттап кетті. Мі­не, осындай себептермен тоқтап қалған 62 мектептің құрылысы қазір қайтарылған қар­жының есебінен жанданып жатыр. Мен Ақтөбе облысындағы 6, Ұлытау облы­сын­да­ғы 3 мектептің құрылысының толық аяқ­талуын бақылауда ұстаймын. 

Осы жерде ескеретін бір нәрсе бар. Біз қайтарылған қаржыны мектеп салуға жұмсап жатырмыз, бұл, әрине дұрыс. Бір­ақ негізгі капитал, басты байлығымыз – бала екенін ұмытпауымыз керек. Қар­жыны да соған салуымыз керек. Әйтпесе, сауатты ұлт болып қалыптаспаймыз. 

Жоғарыда аталған заңға сәйкес, қай­тарыл­ған қаржылар, мүліктерді қайтарудан жә­не өткізуден түскен ақшалар арнаулы қор­ға түседі. Жақында БАҚ-та 837,4 мил­лиард қаржы қайтарылды деген ақпарат шық­ты. Бұл аз ақша емес. Мысал үшін ай­тайын, биыл энергетикалық орталық­тар­да­ғы апаттардың салдарын жою үшін 2 рес­публикалық бюджет резервінен Көк­ше­тау­дағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд тең­ге, Екібастұздағы жылу электр орта­лы­ғы­на – 7,4 млрд теңге, Ақтаудағы МАЭК-ке – 4,9 млрд теңге, Риддердегі жылу электр ор­талығына – 7,2 млрд теңге бөлінді. Жал­пы алғанда – 21,5 миллиард теңге. Демек, жоғарыдағы ақпарат рас болса, біраз жыр­тық­ты жамап қана қоймай, жаңа өндіріс орындарын ашуға болады. Біз жақында Эко­логия мәселелері және табиғат пайда­лану комитетінің төрағасы, депутат Еділ Жаңбыршин бастаған «AMANAT» партиясы фрак­циясының бір топ депутаты осы қар­жыны тек қана әлеуметтік салаға ғана емес, «стратегиялық нысандарды аяғына тұр­ғызу­ға, оның ішінде энергетикалық обьек­ті­лерді салуға, тозығы жеткен жабдықтар мен желілерді жаңалауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсау керектігі» жө­нін­де мәселе көтеріп, Үкімет басшысы Әли­хан Смайыловтың атына депутаттық сауал жол­дадық. Былтырғы жылу беру маусы­мын­да қандай оқиғалар болғанынан жұрт ха­бардар. Міне, қаржы сондай нысандарға жұм­салуы қажет деп есептейміз. Оның үс­ті­не зауыт-фабрикалар ашылса, Президент Жол­дауында айтылған «жоғары деңгейде өңделетін өнім шығаратын кластер» құ­рыл­май ма? Бұл дегеніңіз, мыңдаған жаңа жұ­мыс орны, үкіметке салық түрінде түсе­тін кіріс һәм экономикамызды күрт көте­ре­тін мүмкіндік қой. Әр тиынның қайда жұм­салғаны ашық көрсетіліп отырса, ха­лық­тың да сенімі нығая түсер еді. 

Жалпы, өткен ғасырдың екінші жар­ты­сындағы индустриалды революция рес­пуб­ликамыз үшін ғаламат мүмкін­діктерге жол аш­ты. Қаныш Сәтбаев бастаған ғалымдары­мыз жер қойнауының байлығын картаға түсірді. Соның негізінде 42 моноқала ашыл­ды. Тәуелсіздік алғаннан кейін «Жер­дің асты да үсті де қазаққа қызмет ету ке­рек» деген Алаш көсемі Әлихан Бөкей­ха­нов­тың арманы жүзеге асуға тиіс еді. Енді, міне, кеш те болса, сол арман орындалғалы тұр. Биылғы Жолдаудың «Әділетті Қазақ­станның экономикалық бағдары» аталуы соның айғағы! 

– Түркістанда өткен Ұлттық Құрыл­тай­да кітап нарығын дамыту және рет­теу туралы мәселе көтеріп едіңіз. Сол мәселе қазір не болып жатыр?

– Ұлттық Құрылтайда айтқан ұсы­ны­сымды Қасым-Жомарт Кемелұлы қолдап, «Балалар кітапханасы» жобасын қолға алу ке­ректігін айтты. Қазір 7 500 мектепте ба­ла­лардың әдеби кітаптарының қоры жоқ­тың қасы. Әуелі бұны заңмен реттеу керек. Біз «Кітап нарығын реттеу туралы» заң жо­­­­басы аясында және «Мәдениет туралы» заң жобасына толықтырулар енгізу арқылы кітап­хананың жұмыс істеу мазмұнын кеңей­тіп, кітапханашыларды педагог ста­ту­сына теңестіріп, балалар және ағарту­шы­лық бағыттағы кітаптар шығаратын бас­паларға жеңілдіктер қарастыруды заң ая­сында реттеуді өзекті санаймыз. 

– 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» атты жо­ба жүзеге аса бастауға тиіс. Осы жо­­баға қатысты әртүрлі пікір айты­лады. Маман ретінде не дейсіз?

– Бізде қызық қой. Бұрын «Ұлттық қор­да жинақталған ақша неге балаларға бө­лін­бейді» деп келдік. «Дамыған мемле­кет­терде дүниеге келген сәбидің есепшотына бір­ден ақша түседі екен» деп даурықтық. Ен­ді өзімізде сол жоба қолға алынып еді, бір­ден аунап түсіп, сынға ала бастадық. Ал бұл – өте керемет жоба, қаражат АҚШ дол­ла­рымен жиналатынын ескерсек, бала 18-ге толғанша әжептәуір қаржы жиналуы мүм­кін. Әрине, дәл қазір мынандай сома деп ешкім кесіп айта алмайды.

Бірақ Мем­лекет басшысы алдағы 7 жылда Ұлттық қор­дың активтерін 100 миллиард долларға жет­кізуді тапсырып отырғанын ескерсек, үміт­тенуге болады. 
Жоғарыдағы әңгімемізден бай­қа­саңыз, Мемлекет басшысы білім саласына арналған бірін-бірі толықтыра­тын кешенді жобалар тізбегін ұсынып отыр. Мысалы, биылғы Жолдауында біз сөз етіп отырған «Ұлттық қор – балаларға» жо­басын толықтыратын бес жастан асқан ба­лаларға арналған «Келешек» атты бірың­ғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді ұсын­ды. Демек, балаларға деген қамқорлық жал­­ғаса береді.

– Әңгімеңізге рахмет!

                     
Сұхбаттасқан 
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары