Қызының қуанышына асыққан: Белгілі айтыскер ақын жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты

/
Қызының қуанышына асыққан: Белгілі айтыскер ақын жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
ашық дереккөзден

Астана – Қостанай тасжолында болған ауыр жол апатынан белгілі айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар Астанадан таңғы сағат 04:00 шамасында жолға шыққан.

"Суық хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Жалған өмір-ай, десейші! Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласның үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты.

Салтанат Амантайқызы саналы ғұмырын мәдениет пен музей ісіне, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға арнады. Өз ісінің білікті маманы ретінде жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Оның басшылығымен музейде көптеген маңызды жобалар, көрмелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары табысты жүзеге асырылды.

Әріптестері арасында зор құрметке ие болған Салтанат Амантайқызы ашық көңілді, мейірімді әрі парасатты жан еді. Оның адал еңбегі, туған елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып қала береді.

Отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Балаларына Құдай өмір берсін. Салтанат досымның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазды Марғұлан Оспанов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары