"Сахнаға тағып шығасың": Бибігүл Төлегенова Толқын Забироваға ерекше сый жасады (ВИДЕО)

/
"Сахнаға тағып шығасың": Бибігүл Төлегенова Толқын Забироваға ерекше сый жасады (ВИДЕО)
Коллаж: SN.kz

Эстрада және опера әншісі Толқын Забирова ерекше сыйға ие болды. Оған бағалы тартуды қазақ өнерінің аңызы, әйгілі әнші Бибігүл Төлегенова өз қолымен табыстаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер майталманы шәкіртіне өзінің жеке әшекей бұйымдарын сыйлап, оны сахнада тағуына ақ батасын берген. Бибігүл Төлегенованың бұл сыйы өнердегі ұстаз бен шәкірт арасындағы ерекше құрметтің белгісі ретінде қабылданды.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлар көпшіліктің ыстық ықыласын тудырды. Желі қолданушылары қос өнер иесінің арасындағы сыйластыққа тәнті болып, жылы пікірлерін жазып жатыр.

Көпшілік бұл сәтті "керемет құрмет", "ұстаз бен шәкірт арасындағы ерекше сыйластық" деп бағалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар