Бокстан әлем чемпионы беделді қызметке тағайындалды

/
Бокстан әлем чемпионы беделді қызметке тағайындалды
Алматыдағы бокстан әлем чемпионатының ресми сайты

Бұрынғы боксшы, 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Федерация мәліметінше, енді ол қоғаммен байланыс, отандық боксты насихаттау, PR және медиа бағытына жауап береді.

Мерей Ақшалов 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы қызметін атқарып келген. Ол – бокстан әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Айта кетейік, Ақшалов 2008 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Ал Қазақстанда өткен әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналған.

2014 жылы спортшы денсаулығына байланысты кәсіби мансабын аяқтауға мәжбүр болды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар