Қайрат Нұртастың анасы келіндерге кеңес берді

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде кеңесімен бөлісті.

Қайрат Нұртастың анасы келіндерге кеңес берді
Instagram
1411

Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келіндерге кеңес берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ол Instagram желісінде бөлісті.

«Негізі, үйде жүргенде әдемілеп киініп алыңыздар. Балаларыңыз да қуанып отырады, көңіл күй де күшті болады, жолдасыңыз да сізді құрметтейтін болады. Көбі шәйдің басында күйеуімен ырылдасып отырады ғой, бұдан бала-шағаның көңілі түсіп кетеді. Сол себепті қолыңыздан келгенше күліп отырып, әдемі киініп, тамағыңызды жақсылап  дәмдеп, шәйіңізді берсеңіз, келешекте балалар үшін де жақсы болады. Кейін өздерінің әйелдерін солай құрметтеп, қарсы алатын болады. Күйеуіңізге айтатын сөзіңізді жатын бөлмеге барғанда жеке айтыңыз. Балалардың алдында оның абыройын түсірмеңіз. Олардың да әкесіне деген құрметі күшті болады. Сол ісіңізге қарап, күйеуіңіз сізді сыйлайды. Сізге разылығын білдіріп отырады», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың кеңесіне қатысты жарыса пікір білдірді. 

«Кеше келген келінге қарағанда, өмір көрген әйелге бұндай кеңес жарасымды», «Сіз сияқты аналардың кеңесі керек қазіргі келіндерге», «жастарға жақсы кеңес», «Өмірлік тәжірибеңізбен бөліскеніңізге рақмет» деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары