Үйлену тойда шыққан өрттен 100 адам қаза тауып, 500 адам зардап шекті

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Үйлену тойда шыққан өрттен 100 адам қаза тауып, 500 адам зардап шекті
сурет: Anadolu
13459

Ирактың Мосул қаласында үйлену тойында өрт шығып, 100 адам қаза тапты. 500-ге жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Хамданийе ауданында тойда болған. Өрт отшашудан шығуы ықтимал екені айтылуда. Той өтіп жатқан жерде 800 адам отырған. 

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары