Қайырымдылық – қайырлы іс

Қайырымдылық – қайырлы іс

Қайырымдылық – қайырлы іс
ашық дереккөзі

«Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік бі­лектен», – дейді қазақ. Жабыққанға сүйеу, жоқ-жітікке демеу болу – халқы­мыз­­дың бойына біткен қасиет. Таби­ғаты­нан қайырымды қазақ халқы қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақта да бір-біріне көмектесіп қолдау көрсетіп отыр­ған. Бүгінде мемлекет пен қоғам өмірінде ерік­ті­лер­дің рөлі ерекше маңызды. Ерікті болу – адам­гер­шіліктің, отансүйгіштіктің айқын көрінісі. Мем­лекет басшысы Қ.Тоқаев жақында өткен во­лонтерлердің халықаралық форумында ерік­ті­лерді барынша қолдайтынын жеткізді.  – Еріктілер өнегелі істері арқы­лы қоғамды дамытуға зор үлес қо­са­ды. Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиын­дыққа тап болған адамдардан кө­мегін аямаған. Ел басына күн ту­ған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай эт­нос өкілдерін бауырына басып, ба­рын бөліскен, – деп атап өтті Пре­­­­зидент. 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы аталып, біраз жұмыс ат­қа­рыл­ды. Қазір еліміз бойынша 680 ұйым ресми тіркелген. Еріктілер са­ны үш есеге өсіп, 200 мыңға жет­кен. Аймақтардағы фронт-офис­тер­де мыңдаған волонтер дайындықтан өткен. Бүгінде олар қоғамдағы пай­­­­далы істерге өз үлесін қосып жүр. Сондай еріктілердің бірі – Qam­qor қоғамдық қорының тө­райы­­мы әрі құрылтайшысы – Бағ­дат Анар­баева. – Менің волонтерлік жұмыспен ай­налысып келе жатқаныма 10 жыл­дан асты. Алғаш 2013 жылы әл-Фара­би атындағы ҚазҰУ-дың та­рих фа­культетіне оқуға түскеннен бастап ерік­ті болып қоғамдық жұмыстарға араласып, айналама қол ұшын беріп көмектесе бастадым. Ол кезде өзім бұл ісіме хобби ретінде қарайтын­мын. Уақыт өте келе Qamqor қоғам­дық қорын құрып ресми түрде тір­­­­кедік. Ұйымның бағыты – ата-ана қам­қорлығынан айырылған ба­ла­ларды қолдау, жалғызбасты зей­нет­керлерге көңіл бөлу, мұқтаж от­ба­сы­ларға, қиын жағдайда түскен жас­­тарға, жалпы еліміздің тұрғын­да­ры­на әлеуметтік көмек көрсету, – деді кейіпкеріміз. Еліміздегі еріктілер жылы COVID-19 вирусының әлемге кең таралуымен тұспа-тұс келді. Қа­таң карантиндік режимде жұ­мыс­сыз, аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесу өзекті мәселеге айнал­ды. Оларға азық-түлік, гигиеналық заттар жеткізу, науқастарға дәрі-дәр­мек тасымалдау, бұқара халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, те­лефон қоңырауларына жауап беру, госпитальдарға келген құрал-жаб­дық­тар мен жүктерді түсіру сияқты жұмыстардың басым көпшілігін ерік­тілер атқарды. Осыдан кейін қо­ғамдағы еріктілерге деген көзқа­рас өзгеріп, қолдау көбейді. Бұрын еріктілерді еріккендер деп сырттай сөгетіндер ендігі жерде олардың қо­ғамға қажет екенін түсінді. Ерікті болу адамның тұлғасы­на, бол­мысына, мінез-құл­қы­на қалай әсер етеді деген сауалы­мызға: «Ерікті болу адамның қалып­тасуы­на оң әсерін тигізеді. Волон­тер­лік іспен айналысу – үлкен тә­жірибе. Өйткені біздің жұмысымыз әр­түрлі, жан-жақты, көпқырлы. Олар бір күні атақты жұлдыздармен өтетін концерттерде жүрсе, ертесіне Пре­зидент, министрлер қатысатын фо­румда жүреді. Келесі күні хос­пис­тарды тазалап, қарттар үйін жи­нас­тырып, сенбілік жұмыстарға шығуы мүмкін. Ерікті болу адамға әртүрлі са­лада өзін шыңдауды, өзіне керек тәжірибені алуды үйретеді. Ең бас­тысы –коммуникация. Әртүрлі са­нат­тағы адамдармен, оның ішінде жа­сы үлкен қарттармен, жастармен, ерек­шелігі бар адамдармен сөйле­суді, өзін қалай ұстауды, қалай дұ­рыс көмек көрсетуді үйренеді. Ко­ман­дада, ұжыммен жұмыс істеуді мең­гереді. Адамның психо­ло­гия­сы­ның қыр-сырларымен танысады, – деп жауап берді Бағдат.  width=Волонтерлік жұмыстың көп адам көре бермейтін, біле бермей-тін өзін­дік қиындықтары бар. Ерік­тілерге кей жағдайлар пси­хо­ло­гия­лық тұрғыдан ауыр соғып жатады. Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Күн сайын жағдайы төмен отбасы­лар­ды көру, жетім балалармен жұ­мыс істеу оңай емес. Алайда мұндай жұ­мыстар еріктілерді төзімділікке, сабырлыққа тәрбиелейді. Кей жағ­дайларда оларға тіпті ауыр сөз ес­туге тура келеді. Осындайда ст­ресске төзімділік танытып, дұрыс әре­кет етуді, конфликттің алдын алу­ды білсе келеңсіз сәттерді оңай жеңіп шығады. Әдетте, ерікті десе белсенді, энер­­­гиясы тасып тұрған, жалынды жас­­тар көз алдымызға келеді. Ерік­ті­лер арасында тұйық, көпшіліктің кө­з­іне түскісі келмейтін, интроверт­тер көп кездесе ма деген сұрағы­мыз­ға: «Иә, әдетте солай ойлаймыз. Бі­р­ақ волонтерлер әртүрлі болады. Біздің ұйымда мектеп жасындағы балалар белсенді, энергияға толы жастар салмақты, сабырлы аға-апа­лар, зейнеттегі ата-әжелер де бар. Әрине, әр адамның мінезі әртүрлі. Бізге айналасына шын ниетімен кө­мектескісі келетіндер көп келеді. Кей адамдар өзі бұрын мұқтаж бол­ғандықтан, өзі секілді жандарды тү­сінгендіктен көмекке келеді. Тіп­ті, өзі белгілі бір бағытта көмекке, қол­дауға мұқтаж жандар да қата­ры­мызға қосылып жатады. Мысалы, бізде волонтерлер арасында мүм­кіндігі шектеулі, ата-ана қам­қор­лы­ғын­сыз қалған, аз қамтылған отба­сы­нан шыққандар бар. Мінезі тұйық, адамдармен көп сөйлесе бер­мейтін интроверттер де бар. Бір­ақ тәжірибеге сүйенетін болсақ, адам­дар волонтерлік жұмыспен жүйе­лі түрде айналысқаннан кейін уа­қыт өте келе өзі де ашылып, бел­гілі бір қабілеттерді игеріп жатады. Мінезі де, адамдармен қарым-қатынасы да өзгереді. Мен де алғаш волонтерлік істі қолға алғанда өте тұйық болатынмын. Басқа адаммен тіл табысу, сөйлесу, бөтен ортада жүру мен үшін өте қиын болатын Кейін балалар үйінде жұмыс істеп, қайырымдылық іс-шаралардың басы-қасында жүргеннен кейін өзім­нің өзгеріп кеткенімді, қалай во­лонтерлік ұйымның жетекшісі болып кеткенімді байқамай қал­дым», – деді Бағдат. Қайырымды адам – альтурист. Мейі­рімді, бауырмал, көмек қолын созу­ға дайын тұратындар қашан да қо­ғамның негізгі тірегі болмақ. Адам­ның өзге жаратылыстан ерек­ш­елігі де сонда. Саналы тіршілік ие­сінің хайуаннан айырмашылығы – жақы­нына жанашырлығында. Олар ілкім­ді істері арқылы қоғамды өз­гер­­­теді, адамдарды жақсылыққа бас­тайды, ізгілікті насихаттайды. «Өркениетті қоғамды оның ба­ла­лар мен қарттарға жасаған қа­рым-қатынасына қарап бағалауға болады» деген тәмсіл бар. Еріктілер өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбие­сі­не де өз үлесін қосып отыр десек қате­леспеспіз. Өйткені олардың қо­­­ғам үшін жасаған әрбір пайдалы ісі жасөспірімдердің көз алдында өтіп жатыр. Qamqor қоғамдық қорының ұйыт­қы болуымен бір жылда 300-ден астам жиын өтеді. Жылына кем де­генде 5-6 ауқымды іс-шара ұйым­дастырылады. Әдетте, жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында жалғызбасты ата-әжелерді отбасылық мерекемен құт­тықтап, жылулық сыйлайды. Дәл осындай акция балалар үйінде де жалғасын тауып жатады.  width=Қор биыл Түркиядағы зілзала ке­зінде еріктілердің көмегімен 52 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Си­риядағы жер сілкінісі кезінде ерік­тілер өз басын өлімге тігіп, гу­ма­нитарлық көмегімен бірге ат­тан­ды. Сондай-ақ Екібастұз қаласы жылу­сыз қалғанда, Абай облысын­дағы өрт кезінде де гуманитарлық кө­мек жіберді. Ел басына күн туып, сын сағаты келгенде еріктілер білек сыбана іске кірісіп, аянып қал­май­ды. Бұл туралы Мемлекет басшы­сы Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құратынын және барлық еріктілерді адал азамат деп атап өткен болатын. – Маған еріктілер мен қайы­рым­ды жандардың «кең ауқымда ой­ла, соған сай әрекет ет» деген қа­ғи­даға сүйеніп жұмыс істейтіні ұнай­ды. Шын мәнінде, ертеңгі жарқын болашаққа жету үшін біз бү­гін батыл қадамдар жасауымыз ке­рек. Бұл ұстаным экологиялық мә­дениет пен саналы тұтыну дәс­түрін қалыптастыру үшін өте өзекті. Ол үшін адамдардың сана-сезімі мен дүниетанымын өзгерту керек. Тек сонда ғана реформалардың нә­ти­жесі тұрақты әрі мәңгілік сипатқа ие болады. Тұлғаның жеке үлгі көр­се­туі және «тең – теңімен» қағида­тын ұстануы волонтерліктің негізгі қоз­ғаушы күші деп санаймын. Идея­ларды белсенді түрде тарату және қайырымдылықты насихаттау қо­ғам дамуының жауапты азамат және патриотизм ұғымдарына не­гізделген жаңа парадигмаларын қалыптастыруға ықпал етеді. Осы себепті елімізде волонтерлік қоз­ғалыстың дамуын ілгерілету үшін барынша жағдай жасалады, – деді Президент Қ.Тоқаев. Алдағы уақытта елімізде волон­терлік бағыттарды нақты көрсете­тін жаңа Жол картасы әзірленеді. Бұл – волонтерлік қозғалысқа тың сер­пін беріп, болашақ дамуын ай­қындайды. Сондай-ақ еріктілік пен қайырымдылық ісін есепке алатын жүйе енгізілмек. Волонтерлік қоз­ғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру мәселесі де өзекті болып отыр. Президент ұлт­тық және аймақтық деңгейдегі фронт-офистердің ұйымдастыру­шы­лық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейтуді қолға алу қажет­тігін қадап айтты. Бұл ретте еліміз­дегі еріктілер де халықаралық ын­ты­мақтастықты одан ары нығайту­ға және ілгерулетуге күш салуы маңыз­ды.