Түркия ғасыры түркі әлемінің ғасыры болмақ – Ердоған

Түркия ғасыры түркі әлемінің ғасырымен бірге болмақ деп мәлімдеді президент Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні сайлаудан кейінгі жеңістен соң Әзербайжанға жасаған сапарында.

Түркия ғасыры түркі әлемінің ғасыры болмақ – Ердоған
ашық дереккөзі
50714

 

«Біз 14 және 28 мамырда өткен сайлаудан кейінгі алғашқы сапарымызды Әзербайжанға Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен бірге жасадық. Түркия ғасыры түркі әлемінің ғасыры болады деп үміттенемін» деп жазды Ердоған әлеуметтік желіде.

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының әлеуетін одан әрі дамыту бойынша жұмыс жасалып жатқанын қоса кетті.

«Түркия және Әзербайжан ретінде біз шығыс пен батыс арасындағы стратегиялық позицияда тоқпыз. Біздің бауырластыққа барлық саладағы ынтымақтастығымыз сәйкес келеді, соның ішінде: сауда, энергетика, қорғаныс саласы және көлік мәселесі одан әрі дами түседі», - деді Ердоған.

Серіктес жаңалықтары