Петропавлда шығу тегі белгісіз тұнбаны ішкен үш ер адам ауыр улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі қайтыс болып, үшіншісінің жағдайы аса ауыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
СҚО көпбейінді қалалық ауруханасынның мәліметінше, медициналық мекеменің мәліметінше, оқиға өткен демалыс күндері болған. Зардап шеккендерді ертіп келген адамдар үшеуінің түскі уақытта шығу тегі белгісіз тұнба ішкенін айтқан.
Науқастардың үшеуінде де тыныс алудың қиындауы және айналасындағылармен байланыстың бұзылуы сияқты ұқсас белгілер байқалған. Бір ер адам бірнеше рет құсқан.
Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, науқастардың бірі ауруханаға түскен күні көз жұмды. Екінші ер адам үшінші тәулікте қайтыс болды. Үшінші науқастың жағдайы аса ауыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Аурухана мамандары құрамы мен шығу тегі белгісіз сұйықтықтар, тұнбалар мен қоспаларды тұтыну ауыр улануға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ үй жағдайында дайындалған сусынның өзі қауіпсіз болмауы мүмкін. Құрамындағы, концентрациясындағы немесе дайындау тәсіліндегі қателік адам өміріне қауіп төндіреді.
Мамандар уланудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу 103 немесе 112 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.