Бес өңірдің автожолдарында көктайғақ болады

/
Бес өңірдің автожолдарында көктайғақ болады
видеодан скриншот

Қолайсыз ауа райы Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолдардың жекелеген учаскелерінде тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге қозғалыс жылдамдығын таңдағанда ауа райы жағдайын ескеріп, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау ұсынылады.

Синоптиктердің болжамынша, 20 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын күшейеді. Ал 21 және 22 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі.

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ болады деп болжануда. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде желдің екпіні күшейіп, тұман түсуі мүмкін. Республиканың оңтүстігінде айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.

Бұған дейін Қазақстанда 20–22 қазан аралығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейетіні хабарланған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар