Euro-2024: Қазақстан – Сан-Марино ойынын қайдан көруге болады?

Euro-2024: Қазақстан – Сан-Марино ойынын қайдан көруге болады?

Euro-2024: Қазақстан – Сан-Марино ойынын қайдан көруге болады?
ашық дереккөзі
50914
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Мариноға қарсы кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сан-Марино – Қазақстан ойыны маусымның 16-сынан 17-сіне қараған түні елорда уақытымен 00:35-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары – Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия. Қазірге дейін құрамалар екі ойыннан өткізді. Қазақстандық футболшылар өз алаңында Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп, Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірген еді. Ал Сан-Марино құрамасы Солтүстік Ирландия мен Словениядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ аталған күні Дания мен Солтүстік Ирландия, Финляндия мен Словения шеберлік байқасады.

Серіктес жаңалықтары