«Балалар қуанып жүргенде мектепті сатып жіберген» – депутат

«Балалар қуанып жүргенде мектепті сатып жіберген» – депутат

«Балалар қуанып жүргенде мектепті сатып жіберген» – депутат
ашық дереккөзі
50541
Мәжілісте ҚР елді мекендеріне арналған өңірлік стандарттар жүйесі туралы Үкімет сағаты өтті. «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысындағы жекеменшікке сатылып кеткен мектеп мәселесін көтерді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов дейтін орта мектеп болған. Кейінгі жылдары толығымен капиталды ремонт жасалды, жаңадан спорт залын салып берді. Ауыл балаларының бәрі қуанып жүргенде, сол мектепті жекеменшікке сатып жіберді. Оны кім сатады? Әкімдік сатады. 15 млн теңгеге сатқан, ал оны алған адам басқа біреуге 80 млн теңгеге сатқан. Прокуратура «бұл мәселеге шамамыз келмейді, сот шағымымызды қабылдамайды» дейді. Сол ауылдағы құлайын деп тұрған үйдің өзі 17 млн теңге тұрады. Бір үлкен мектепті 15 млн теңгеге сату - сұмдық нәрсе. Алматы облысының әкімі, бұл қай әкімнің тұсында қалай сатылғанын анықтау оңай емес, бәрін біліп отырмыз. Тез арада мектепті қайтарыңыздар. Әйтпесе, бүкіл фамилияның соңына жетем. 2 ай уақыт береміз», - деді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от mazhilis.kz (@mazhilis.kz)

Серіктес жаңалықтары