Таиландтағы ауруханада ес-түссіз жатқан қазақстандық көз жұмды

Таиландтағы ауруханада ес-түссіз жатқан қазақстандық көз жұмды

Таиландтағы ауруханада ес-түссіз жатқан қазақстандық көз жұмды
ашық дереккөзі
50521
Таиландта комада жатқан қазақстандық қайтыс болды. Бұл жайында оның әпкесі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Айлана Ауари аталмыш жағдайды Facebook парақшасында жеткізді.
«Артур енді жоқ» деп жазды ол.
Кеше Таиландта комада жатқан отандасымыздың жағдайы ауыр екені белгілі болды. Жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан Артур Ысқақов теңізге түсіп, көп су жұтып қойған. Кейінгі күндері Пхукетте қатты толқын көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған. Қазақстандықтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған реанимациялық іс-әрекеттер жасап, дәрігерлерге тапсырды. Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып келіп, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөз жүргізіп жатқан еді.
«Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеу кезінде теңізге түспеу керектігін еске саламыз», - деп ескертеді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Серіктес жаңалықтары