Елорда тұрғындарының орташа жалақысы белгілі болды

Елорда тұрғындарының орташа жалақысы белгілі болды

Елорда тұрғындарының орташа жалақысы белгілі болды
ашық дереккөзі
50329

Елімізде 2022 жылдың төртінші тоқсанында ақшалай табыс жан басына шаққанда 252,4 мың теңге болды деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында байқалады.

"Астана қаласы бойынша жан басына шаққанда табыс көрсеткіші 357,3 мың теңгені құрайды. Екінші орында Қарағанды облысы – 354,9 мың теңге. Үздік үштікті Ұлытау облысы аяқтайды – 339,1 мың теңге. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 163,3 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 23,7 пайызға көп", – делінген хабарламада.

Шығындар бойынша Қарағанды облысы көш бастады.

"Қарағанды облысында жан басына шаққанда 327,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21 пайызға көп. Үздік үштікке, сондай-ақ, Алматы және Ұлытау облысы кіреді. Ең аз шығын Түркістан облысында, жан басына шаққанда 177,4 мың теңге",  – делінген хабарламада.

Еліміздегі 14 өңірде халықтың ақшалай табысы шығынынан көп.

"Ең жоғары көрсеткіштер Батыс Қазақстан, Қостанай облысы мен Астана қаласында байқалады. Төртінші және бесінші орында Абай (18,3%) және Маңғыстау (17%) облыстары. Ал шығыны табыстан көп өңірлер қатарына Жетісу облысы, Шымкент, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары кіреді", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары