50224
Шәріпбаевтың қызына тиесілі компанияға 77 млн теңге айыппұл салынды
Шәріпбаевтың қызына тиесілі компанияға 77 млн теңге айыппұл салынды
«QazaqGaz»-ның бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаевтың қызына тиесілі «APL Construction» ЖШС компаниясына 77 млн теңге айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті компанияға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғаған.
Серіктестік өзінің жағдайын пайдаланып, газдың пәтер ішіндегі желілеріне қосылуға мәжбүр болған тұтынушылардың қаражатын теріс пайдаланған. Бұл тұтынушылардың заңды құқығына нұқсан келтірді, - делінген ақпаратта.Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылдың 10 қаңтардағы қаулысы бойынша «APL Construction» әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Серіктестікке 77 343 750 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды. Сот қаулысы толық көлемде орындалды. 2016 жылы ашылған компания газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сатумен және таратумен айналысады. «APL Construction» ЖШС иелері – Қорлан Шәріпбаева және «DanKo Commerce» ЖШС.