«Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады», - деді Президент.
ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Президент

ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Президент
Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумда «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты тақырыпта сөйлеген сөзінде айтты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.