50438
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті деп хабарлады turkystan.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,68 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 444, 44 теңге.
Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441, 74 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны– 448 теңге.
Ресей рублі 5, 52 - 5, 62 теңге аралығында саудаланып жатыр.