Сәбиін сатқан әйел жындыханаға аттанды

Сәбиін сатқан әйел жындыханаға аттанды

Сәбиін сатқан әйел жындыханаға аттанды
ашық дереккөзі
213
2 жастағы баласын 30 мың теңгеге сатқан безбүйрек ана жындыханаға жатқызылды, деп хабарлайды Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат. 
«Балқаш қалалық соты 22 жастағы әйелді айыптау бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-тармағымен (кәмелетке толмаған баланы саудалау) қылмыс жасағаны үшін, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қалалық прокуратурадан түскен қылмыстық істі қарады. Ол материалдық баю мақсатында азаматша Д.-ға 2 жастағы баласын 30 000 теңгеге сатқан. Жан-жақтылы стационарлық психолого-психиатриялық сот сараптама қорытындысына сәйкес, айыпталушы бұрын да, қазіргі таңда да психикалық ауытқулардан зардап шеккен. Сот қаулысы бойынша айыпталушы әйелге қатысты амбулаторлық мәжбүрлі тексеру және психиатрға емделуге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу түріндегі шарасы тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.
Кәмелетке толмаған 2 жастағы баланың мүддесін қамтамасыз ету үшін «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекесінің шешімі бойынша бала Қарағанды қаласындағы «Шапағат» балалар үйіне орналастырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Серіктес жаңалықтары