190
Сарапшылар 2017 жылдың басты түсін атады
Сарапшылар 2017 жылдың басты түсін атады
Pantone Color Institute сарапшылары 2017 жылдың ең басты түсін атады, деп хабарлайды Associated Press. Ол – сары реңкі бар ашық жасыл түс.
Аталмыш институттың мамандары 1999 жылдан бері тұрақты түрде жылдың негізгі түсін көрсетіп келеді. Сарапшылардың келер жылға таңдаған түсін көктемгі табиғатта жиі кезіктіруге болады. Сондай-ақ, бұл түстің тарихи мәні зор: 1960 және 1970 жылдары ол наразылық шараларында кең қолданыс тапты.
2016 жылдың басты реңкі алқызыл мен көгілдір түстері болған еді. Ал 2015 жылы «марсала» деп аталып кеткен күрең қызыл түс басымдыққа ие болды.
Pantone әр желтоқсан сайын жаңа маусымның танымал түстерін жариялайды. Бұл болжамдарды дизайнерлер мен ритейлерлар басшылыққа алады.