Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйінің тәрбиеленушілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады деп хабарлады turkystan.kz. Telegram-дағы НЕхабар арнасының хабарлауынша, оларға мекеме заң бойынша тиесілі жәрдемақыларын бермей, тұрғын-үй алу үшін құрылған мемлекеттік тізімге есімдерін енгізбеген.
«Алты жылдан бері алданып келеміз. Бар үмітіміз - Мемлекет басшысында. Сізден осы істі өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз», - деді Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің бірі.Тағы оқи отырыңыз: Балалар үйінің қызметкерлері жетім балалардың азық-түлігіне бөлінген 25,9 млн теңгені қалтасына басқан