50314
Аймағамбетов Павлодар мектебіндегі өртке қатысты пікір білдірді
Аймағамбетов Павлодар мектебіндегі өртке қатысты пікір білдірді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 21 сәуір күні таңертең павлодарлық мектепте болған ірі өртке байланысты өз ойын айтты деп жазды turkystan.kz.
«Айта кету керек, бұл бірінші рет болған жағдай емес. Сондықтан біз барлық білім беру ұйымдарында толық тексеру жүргізуді тапсырдық. Себебі өрттің алдын алу шаралары сақталуы тиіс. Жөндеу жұмыстарынан кейін де, жаңа оқу жылы басталғанға дейін де мектеп пайдалануға берілген кезде барлық құжаттар, соның ішінде өртке қарсы қызметтердің актілері де болуы тиіс. Сондықтан бұл мектепте мұндай анықтамалар мен актілер болды деп есептеймін. Енді бұл өрттің шығуына не себеп болғанын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізілетін болады деп ойлаймын», – деді Аймағамбетов.Сонымен бірге, министр оқушылар уақытша қашықтан оқыту форматына ауысатынын айтты.
«Енді ғимараттың өзі толықтай тексерілетін болады. Құзырлы органдар бұл сымдағы ақаулар ма, әлде басқа себептер ме, соны анықтайды. Егер одан әрі білім алуға қауіп жоқ екені анықталса, онда балалар оқуын жалғастыра алады. Қысқа уақыт ішінде оларды қашықтан оқытуға болады. Егер бұл ғимарат жарамсыз болып шықса, әкімдік бұл балалардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, жақындығы және т.б. ескере отырып, басқа ұйымдарда оқуын жалғастыруы үшін шаралар қабылдайды», – деді министр.Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда мектептен өрт шықты: 551 бала эвакуацияланды (ВИДЕО)