Павлодарда мектептен өрт шықты: 551 бала эвакуацияланды (ВИДЕО)

Павлодарда мектептен өрт шықты: 551 бала эвакуацияланды (ВИДЕО)

Павлодарда мектептен өрт шықты: 551 бала эвакуацияланды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Төрт қабатты №28 жалпы орта білім беру мектебінің екінші қабатында шамамен 200 шаршы метр алаңда өрт болды деп жазды turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 08.04-те Торайғыров көшесі, 24 мекенжайы бойынша мектептен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды. Оқиға орнында ТЖД-дан 50 қызметкер және 12 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және бір техника жұмыс істеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Pavlodar oblysynyń ТJD (@pavlodar_tjd)

Еске сала кетсек, 15 сәуірде Павлодар қаласының №1 ЖОББМ-де өрт шыққан болатын. Салдарынан 5 оқушы ауруханаға түсті. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт қасақана қойылған.