50372
Шымкенттіктерді белгісіз вирус шошытып отыр
Шымкенттіктерді белгісіз вирус шошытып отыр
Шымкенттіктерді белгісіз вирус шошытып отыр. Тұрғындар коронавирусқа ұқсас аурудың белгілеріне шағымдануда деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Олар ПТР сынамасы теріс болса да, тамақ ауруы, жөтел және ентігу, буын сырқырауы бар дейді. Шынар Оразова соңғы бір айда екінші рет ауырып жатыр. Науқас салқын сусындар ішпегенін, суық тимегенін айтады. Дене қызуы болмаған, мұрынның бітелуі, тамақтың және буындардың ауыруы, жөтел және ентігу байқалған. Ал ПТР сынағы теріс боп шыққан.
«Басында екі күн бойы мұрыннан су ақты, кейін тамағым ауырды, ақылы медициналық орталыққа бардым, ЖРВИ бар деп, дәрі жазып берді, қазір емделіп жатырмын», - дейді Шынар Оразова.Тағы жүздеген шымкенттік дәл осындай белгілерге шағымдануда. Сарапшылар қалада вирус таралып жатқанын айтады. Тек ақпан және наурыз айларының өзінде шымкенттік дәрігерлер ЖРВИ жұқтырған 7962 жағдайды анықтаған. Бұл өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда, екі есе көп.
«ЖРВИ-мен ауырғандардың көпшілігі (72,5%) 14 жасқа дейінгі балалар. 2021 жылдың күзінен биылғы жылдың көктеміне дейін тұмаумен ауырған 16 жағдай тіркелді, оның алтауы - бала», – дейді Шымкент қалалық СЭС бөлімінің басшысы Жанар Жақсылықова.Шымкенттіктер емделуге көп уақыт кетеді деп шағымдануда. Дәрігерлер бұл коронавирустың салдары болуы мүмкін дейді. Ағзаның иммундық жүйесі әлсіреген.
«Біздің елде коронавирустық инфекциямен ең алдымен ересектер, егде жастағы адамдар ауырады. 60-65 жастан асқан адамдарда процестер онсыз да баяу жүреді, иммундық процестер төмендеуі мүмкін», – дейді инфекционист Зарипа Оспанова.Бүкіл Қазақстан бойынша ЖРВИ-мен ауыру екі есе жиілеп кетті. Дегенмен дәрігерлер ауыр зардаптарды болдырмау үшін жоғары температура болмаса да дәрігерге баруды ұсынады. Ал өзіңізді вирустардан қорғау үшін дұрыс тамақтаныңыз, спортпен шұғылданыңыз және көп адамдардан аулақ болыңыз.