50302
«Биылдан бастап балабақшаға талап күшейеді» - вице-министр
«Биылдан бастап балабақшаға талап күшейеді» - вице-министр
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова астанадағы инклюзивті балабақшадағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазір инклюзивті балабақшада тексеріс болып жатыр. Тексеріс аяқталған соң тиісті шара қабылданады.
«Білім және ғылым министрлігі ұрып-соғу, балаға ұрсу сияқты жағдайдың қайталанбауы үшін балабақшаларға қойылатын талапты күшейтуді қарастырып жатыр. Тәрбиешілерге де талапты күшейту керек", - деді вице-министр.Осы жерде ол балабақшаларға тексеріс жүргізу тәртібін өзгерту мен лицензияны қайтару мәселесінің қарастырып жатқанын атап өтті. Тағы оқи отырыңыз: Елорда балабақшасында тәрбиешілер балаларды қатыгездікпен ұрып-соққан (ВИДЕО)