Атыраулық ауылдардың бірін су басты (ВИДЕО)

Атыраулық ауылдардың бірін су басты (ВИДЕО)

Атыраулық ауылдардың бірін су басты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Атырау облысындағы Ноғайты өзені арнасынан асып, Сағыз ауылын су басты. Жиырмадан астам үйге су басу қаупі төнді деп хабарлады turkystan.kz. Ауыл тұрғындары түн ішінде үйлерін тастап, қауіпсіз орынға кетуге мәжбүр болған. Қазір оларды колледж бен мектепке эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.

«Адамдарды эвакуациялау және қорғаныс бөгеттерін салу үшін 200 адам жұмылдырылды. Олардың қатарында еріктілер мен полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ онға жуық арнайы техника жұмылдырылған», - делінген жергілікті ATPress ұсынған мәліметте.
Ауыл тұрғындары ақпан айынан бері өзеннің арнасынан осымен үшінші рет асып кеткенін айтады. Ал жергілікті билік жағдайдың бақылауда екеніне сендіріп отыр. Атырау облыстық ТЖД су басу қаупі төнген үйлер маңында құмнан бөгет салынғанын мәлімдеді.