Шымкентте адам өлтірген күдікті видеоға түсіп қалды

Шымкентте адам өлтірген күдікті видеоға түсіп қалды

Шымкентте адам өлтірген күдікті видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
50484
Желіде Шымкент қаласында көшеде аяусыз адам өлтірген күдікті бейнекамераға түсіп қалды деп хабарлады turkystan.kz. Пышақталған жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Күдікті қамауға алынды. Видеода екі ер адамның сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Содан кейін біреуі пышақпен екіншісіне шабуыл жасайды. Жараланған адам қашып кетуге тырысқанымен, оны ұстап алып, тағы да бірнеше рет пышақ сұғып жібереді. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, 27 наурызда Абай аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне Түркістан шоссесінде орналасқан дүкендердің бірінің маңында екі ер адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция жасағы, жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар барған. Бүгінде іс бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ер адам тергеу изоляторына қамалды.
«Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тіркеді. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

 

Серіктес жаңалықтары